Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қазақстан полициясы күніне арналды

Университет жанындағы Көп салалы колледжінің «Құқық қорғау қызметі» мамандығының оқушылары осы жылы аталып өтілген Қазақстан полициясының 20 жылдығына орай мерекелік шара өткізді.

Колледжде осыдан төрт жыл бұрын ашылған мамандық үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда бұл мамандықта 37 оқушы орыс және қазақ тілінде арнайы білім алуда. Білікті оқытушылар мен бай материалдық негізі бар оқу орны «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша осы күнге дейін түлектердің үш легін шығарған. Олардың көбі білімдерін әрі қарай жалғастырып, қызметке білек сыбана кірісіп те кеткен.

1992 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдады. Заң бекітілген күн, яғни 23 маусым жылда Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінгендей.

Көп салалы колледжінің оқушылары тәжірибелерін жергілікті құқық қорғау органдарында өтейді. Шараға Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының қызметкерлері қонақ ретінде шақырылып, оларға арнап мерекелік ән шашу тартылды. Жастар туған жер, әскери қызмет жайында әндер шырқап жатты.

Полиция қызметкерлері жастарға мамандықтың қыр-сырлары жайында бөлісті. Және оқу орнының 75 жылдығына арналған  колледж оқушылары арасында өткізілген футболдан жарыста алға шыққан топтарды грамоталармен марапаттады.

31.10.2012