Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ЖОО қабырғасында Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедраларының ІІІ Қауымдастық отырысы өтеді

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылында жұртшылық үшін этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін тарату маңызды болып табылады. Бұл ҚР жоғары оқу орындарының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары секілді ғылыми-практикалық орталықтардың жұмысын жандандырады.

2014 жылғы 22 қазан күні ҚР жоғары оқу орындарының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының бірлестігі құрылғаны бәріне мәлім.

Бірлестік міндеттерінің бірі болып кәсіби тұрғыда қатынасудың, академиялық және ғылыми ынтымақтасудың мүмкін үлгілерін кеңейту, оның ішінде этносаяси пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін бірыңғай әдіснамалық алаң құру табылады.

Өткен 2014-2015 оқу жылында Бірлестіктің 2 отырысы өткізілді, кафедралардың бірыңғай әдіснамалық базасы құрылды, Қазақстан жоғары оқу орындарының ҚХА кафедраларының статусы туралы ресми үндеу әзірленіп, ҚР БҒМ-ға жіберілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары бірлестігінің ІІІ отырысы 2015 жылғы 20 қазан күні ҚХА кафедрасының қызметінде құнды атқарымдары бар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да өткізіледі деп жоспарлануда.

Іс-шараға Беларусь Респбликасының  Төтенші және Өкілетті елшісі Анатолий Иванович Ничкасов, ҚР БҒМ, Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының, ҚР ЖОО ҚХА кафедралары меңгерушілерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Отырыс бағдарламасына әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, сондай-ақ, экскурсиялар енгізілген. Отырыс қорытындысы бойынша кафедралардың жұмысы бойынша практикалық кеңестер беріледі.

Отырыс бағдарламасы

15.10.2015