Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының іссапары

17.01.2013. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, генерал-лейтенант, әскери-тарихи ғылымдарының докторы Абай Тасболатов Елбасымыздың "Қазақстан 2050" Стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру үшін біздің университетте болып қайтты. Ол ақпараттық-насихаттау тобы құрамында Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудандары мен Петропавл қаласының білім беру мекемелерінде болды. Біздің университетте депутат университет басшылары, оқытушылар мен студенттер қауымымен кездесті.

Өз сөзінде ол жастар бойындағы қазақстандық патриотизмге және осы процестегі педагогтер мен топ жетекшілерінің рөліне ерекше назар аударды.

Абай Тасболатовтың айтуынша, Отанға деген сүйіспеншілік өзінің туған жеріне, өзінің жерлестеріне деген сүйіспеншіліктен басталады, сондықтан ол кездесу барысында университетке өзінің Приишимьенің атақты адамдары туралы "Есімдері ел есінде" деген жинағын сыйлады.

21.01.2013