Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінде жаңа жылдық ертегі

Университет студенттер клубының өнерпаздары ЖОО қызметкерлері мен оқытушылардың  балаларына нағыз жаңа жылдық ертегіні тарту етті. Аяз ата, Ақшақар, қарақшылар және мыстан кемпірдің қатысуымен университеттің бас сахнасындағы театрландырылған қойылым залдағы бірде-бір балақайды бей-жай қалдырмады. Кішкентай көрермендер сүйікті кейіпкерлерімен қосылып ән шырқап, би билеп, мәз-мейрам болды.

Қойылым кейіпкерлерін «Пилигрим» театрының студенттері сомдады.  Жаңа жылдық ертегінің режисері студент Елизавета Гуляева болды. Әртістер балаларды таңғажайып әлемінің сықырына бөледі. Кеш соңында кішкентай театр сүйер қауым Аяз атадан тәтті сыйлықтар алып, сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсті.

29.12.2021