Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінің 7 оқытушысы «Мұғалім-зерттеуші» біліктілігін алды

«Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында біліктілікті сақтау бастамасын елімізде алғашқылардың бірі болып жүзеге асырдық. Бұл ғылымды ілгерілету және онымен айналысқысы келетін қызметкерлерді қолдау үшін қажет», - деді әріптестерімен кездесуінде инновациялар, интернационалдандыру және трансформация мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі Дәмел Мектепбаева.

Жаңа мәртебе мұғалімдерге жыл бойына ай сайынғы қосымша қаржылық төлемдерді беріп қана қоймай, оларды жаңа ғылыми белестерді бағындыруға ынталандырады. Осы кезеңде олар ғылыми грант алу конкурстарына қатысуы және беделді халықаралық Scopus және Web of Science ғылыми журналдарында мақалаларының жариялануы міндетті болып табылады. Қозыбаев университетінің Ғылым департаменті ағылшын тілінде өтініштер беру және мақалалар жариялау кезінде ғалымдардың тілдік кедергісін жоюға көмектесуге дайын.

Зерттеуші педагогтардың біліктілігін арттыру конкурсына 14 үміткер өтінім берді. Комиссия ұсынылған бағалау критерийлері бойынша ең жоғары ұпай алған 7 адамды таңдады:

1. Жақып Мырзантай Қожабайұлы –«Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к, ТЭжҚФ

2. Дмитриев Павел Станиславович – профессор, биология ғылымдарының кандидаты, «География және экология» кафедрасы, МЖҒФ.

3. Астапенко Наталья Владимировна – доцент, PhD докторы, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы, ИСТФ.

4. Ықыласова Қайнижамал Есімсейітқызы – доцент, PhD докторы, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы, ИСТФ.

5. Таласпаева Жанар Серкешовна – «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. ТжӘИ.

6. Петров Павел Анатольевич –«Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценті, PhD докторы, ИСТФ.

7. Әбуов Нұрболат Әскерұлы – «Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, т.ғ.к, ТЭжҚФ

«Мұғалім-зерттеуші» біліктілігін иеленген оқытушыларды құттықтаймыз!!!

29.12.2021