Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Әзіл толқыны жастар бойында

ЖОО-да «Есілде» жайдарман лигасының  финалы өтті. Сахнада ақтық мәреге іріктеліп шыққан 4 команда өнер көрсетті. Олардың қатарында  маусымда сенімді түрде мәреге жеткен Қозыбаев университетінің атынан қатысқан құрама және Ақжар және Тимирязев аудандарының әзілқойлары қатысты.

Ойын 3 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, сұрақ-жауап және үй тапсырмасы. Әзіл-сықақ құрамалары осы тапсырмаларды өте жақсы орындап шықты. Карантиндік шараларға қарамастан әзіл кеші көрермендердің қолдауымен өтті. Өз кезегінде бұл ойыншылардың шешендіктерін, тапқырлықтарын, актерлік шеберліктерін көрсетуге жақсы талпыныс болды. Сайыс барысында ойыншылардың әзілдерінде бүгінгі таңдағы өзекті және еркін тақырыптар көтерілді. Ақтық мәреге осыған дейін жақсы ойын көрсете білген, ұпайлары жоғары командалар шықты. Осы жолы ойыншылар сайысқа жақсы дайындықпен келгендері байқалады.

Ойын нәтижесіне сәйкес «Сага и компания» құрамасы жеңімпаз атанып, Алматы қаласында өтетін республикалық бас лига ойындарына жолдама алды. Екінші орынды  көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлай білген «Тимирязев» құрамасы алса,  үшінші орын  университет намысын қорғаған  «Странные люди» құрамасына бұйырды, ал төртінші орынды «Ойна да күл» командасы тұйықтады. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

24.12.2021