Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ЖОО психологиялық қызметінің серіктестерін марапаттау

Студенттер мен университет ұжымының психологиялық жағдайына Қозыбаев университетінің  психологиялық қызметі жауап береді. Университет мамандары күн сайын конфликтология, тұлғааралық қатынастар, кәсіби деформация және дағдарыс жағдайындағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Психикалық денсаулықты сақтау үшін студенттер арасында дәрістер белсенді түрде өткізіледі.

Оған облыстың мамандандырылған медициналық ұйымдарының қызметкерлері көмектеседі. Нақтылап айтсақ, СҚО психикалық денсаулық орталығы және "№3 қалалық емхана"ШЖҚ КМК дағдарыс жағдайында жеке тұлғаға психологиялық кеңес беру кабинеті. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға өз сұрақтарына нақты жауап алудан бөлек, қажет болған жағдайда тиімді дәрі-дәрмекпен емделуге мүмкіндік бар.

25 желтоқсан-психолог күні. Кәсіби мереке қарсаңында ЖОО-ның психологиялық қызметінің жұмысына үлкен қолдау көрсететін мамандарға алғыс хаттар табысталды.

«3 қалалық емханада психолог маманы болып жұмыс жасап жатқаныма 10 жылдай уақыт болды. Бүгінгі өтіп жатқан іс-шарадан өте жақсы әсер алдық. Психолог күні қарсаңында еңбегіміздің бағаланып жатқандығы біз үшін өте маңызды. Біздің 3 қалалық емхананың психологиялық қызмет көрсету орталығы және Қозыбаев университетінің психологиялық қызмет көрсету кабинетімен өте тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. Осыған орай бірнеше ай  бұрын университеттің студенттеріне дәріс түрінде сабақтар жүргіздік. Бұл сабақтардың негізгі тақырыбы: психикалық денсаулықты қалай сақтауға болады, алдын алу шаралары. Бүгін, жасаған еңбегіміздің жұмысы бағаланды»,-деп атап өтті №3 қалалық емхананың психологы Әйгерім Байгузинова.

Облыстың психологиялық қызметінің 17 қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.

24.12.2021