Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қазақстандағы үздік John Deere техникасы

2021 жылғы 20-21 желтоқсанда Көкшетау қаласында «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС компаниясының базасында «Қазақстандағы үздік John Deere техникасы» тақырыбында республикалық студенттік жобалар байқауы өтті.

Байқауға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан 43 білім алушы қатысты. Біздің факультеттің студенттері 2013 жылдан бастап қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. .

Біздің ЖОО-нан биылғы жылы Агротехнологиялық факультеттің «Агрономия» және «Өсімдік қорғау және карантин» ББ бойынша 6 студент қатысты.

Бірінші турдың нәтижелері бойынша финалға 10 қатысушы өтті, олардың 4 - уі біздің университеттің студенттері: Айтбай Жалғас Бекболатұлы, Майсатаев Алихан Бағланұлы-А-19қ тобы, Ғабдулин Альдияр Ерікұлы – А-20, Оразмаханов Шыңғыс Алтынбайұлы - А-18қ.

Альдияр «Агрономия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, осы ауқымды байқауға алғаш рет қатысып отыр, оны Германия мен Америкада орналасқан «Джон Дир» техника шығаратын зауыттардың біріне сапар күтіп тұр.

Барлық қатысушылар өте жақсы кәсіби дағдыларын, маңызды шығармашылық әлеуетін, күшті, лайықты қарсыластарымен тең күресуге қабілеттерін көрсетті.

22.12.2021