Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Халықтың тарихы мен бүгіні» атты дөңгелек үстел

Агротехнологиялық факультеттің «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасында студенттердің қатысуымен Zoom платформасында «Халықтың тарихы мен бүгіні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін, патриоттық сезімді ояту, өз еліне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ «Қазақ елі жүріп өткен жол», «Мәңгілік ел» және т. б. тақырыптарда ой толғау.

Студенттер Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен ұлттық идеясы туралы әңгімеледі. Кафедраның ПОҚ іс-шараға қатысып, өз пікірлерімен бөлісті, студенттерді өз елінің тарихын, өз еліне деген сүйіспеншілігін білуге ынталандырды. Сондай-ақ Республикамыздың Тәуелсіздігі туралы Қазақстанның ұлы ақындарының өлеңдерін оқыды.

22.12.2021