Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Дөңгелек стол

           2021 жылдың 10 желтоқсанында Педагогикалық факультет, “Бастауыш және мектепке дейінгі  білім берудің теориясы мен әдістемесі” кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттері: патриотизмнің аса маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде қалыптасуы; ұлттық мақтаныш сезімін, азаматтық қадір-қасиетін түсінуіне жағдай жасап, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбегі туралы айтылды. Сондай-ақ қазақ халқының сан мыңжылдық тарихы, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерінің хронологиясы сараланды.

Студенттер дөңгелек үстел барысында өз пікірлерімен белсене түрде бөлісіп, құрдастарын өз елінің тарихын білуге, елін сүюге ынталандырды.

Іс-шара соңында халық мұрасын тануға серпін беретін «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы» атты виртуалды таныстырылым ұсынылды.

 

14.12.2021