Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Академик Манаш Қозыбаевтың грантын, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының грантын тағайындау конкурсын өткізу туралы

Құрметті білім алушылар! 

2020-2021 оқу жылының жазғы емтихандық сессиясының нәтижелері бойынша Академик Манаш Қозыбаевтың грантын (3 грант),                      М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының грантын алуға конкурс жарияланды (7 грант).

Академик Манаш Қозыбаевтың грантын тағайындау (стипендия тағайындаусыз).

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының грантын тағайындау (стипендия тағайындаусыз). 

СТжҚКО-на қажетті құжаттар тізімі (2-ші корпус):

  1. Ақылы негізде білім алушының М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - Ректорының атына гранттар тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініші.
  2. Білім алушының транскрипті.
  3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (фото).
  4. Растайтын құжаттардың көшірмелері: ғылыми еңбектердің, дипломдардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, сертификаттардың титулдық парақтарының көшірмелері / фотосуреттері.
  5. Студенттің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттар. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 06 - 10 желтоқсан аралығында сағат 13.00-ге дейін.

06.12.2021