Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Білім беру үздіктері – 2021

Халықаралық дәрежедегі тағы бір жеңіс! Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығына орай «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан ғалымдарының Конгресімен бірлесіп ғылыми-білім беру мекемелері арасында «ТМД елдерінің үздік педагогы-2021» халықаралық конкурсын ұйымдастырды.  Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь елдерінің ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Жобаға 100-ден аса білім саласының үздіктері қатысуға ниеттерін білдірді. «Заң ғылымдары» бағытында жүлдегерлері ТЭҚФ құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м.а. Динара Қаңтарбаева мен аға оқытушы Анар Оспанова атанды. Олар ІІ дәрежелі дипломдармен және «Білім беру үздіктері – 2021» арнайы төсбелгісімен марапатталды.Әріптестерімізді құттықтай отыра, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

24.11.2021