Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Тұрақты даму қағидаттарын білім беру процесіне енгізу» атты сапа апталығы өтті

Университет 16 жыл қатарынан сапа апталығын өткізіп келеді. Биыл 8-19 қараша аралығында өтіп, тақырыбы тұрақты даму мәселелеріне арналды. Аталған іс-шара аясында ЖОО-да оффлайн форматта және қашықтықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар конференциялар сынды 25-тен астам іс-шара ұйымдастырылды. 

СҚО мектептері мен колледждері  оқытушыларының қатысуымен жаратылыстану-ғылыми және педагогикалық пәндерді оқыту үдерісіне тұрақты даму қағидаттарын бейімдеу бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. «Математика және информатика» кафедрасының оқытушылары мен магистранттары өз құзыреттіліктерін арттыра алды.

Сапа апталығының тағы бір іс-шарасы DESTT «Көшбасшылық саласындағы құзыреттерді дамыту және мұғалімдерді даярлау» халықаралық жобасын іске асыру барысында ұйымдастырылған «Сапалы білім-лайықты өмір мен тұрақты дамудың негізі» атты пікірталас алаңы болды.  Оны «Педагогика және психология» кафедрасының доценті Галина Чемоданова жүргізді.  Қатысушылар сапалы білім беруді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Оған «Педагогика және психология» ББ оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты.

«Ғылым, техника және технология– жаңа сапа деңгейіне өту» ғылыми-практикалық конференциясына «Көлік және машина жасау», «Энергетика және радиоэлектроника» кафедраларының студенттері қатысты. Сапа апталығы «Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» тақырыбында болашақ биологтардың эковикторинасымен аяқталды.

21.11.2021