Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Оқушылар сарайының білім алушылары агротехнологиялық факультетімен танысты

10 және 11 сынып оқушылары «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы» зертханасында болды. Зертхана Қозыбаев университеті мен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесе ғылыми қызметінің нәтижесінде іске асқан еді. Бұл жерде биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып, отырғып, егуге арналған түрлі дақылдардың материалдары өңделіп, зерттеледі.  Оқушылар студенттер мен оқытушылардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Оларға «Биотехнология», «Өсімдік қорғау және карантин», «Агрономия», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламалары да таныстырылды.

Болашақ технологтардың қызметін мектеп оқушылары «Тамақ технологиясы» зертханасында көрді. Студенттер іс жүзінде олардың сабақтары қалай өтетінін көрсетті. ЖОО-да оқу кезінде қосымша аспазшы мамандығына да оқуға болатындығы ескертілді.

21.11.2021