Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ГРФ - Лучшая кафедра-2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында табысты білім беру тәжірибелерін тарату және білім беру ұйымдарының көшбасшыларын анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы оқу орындары басшыларының қауымдастығы университеттер арасында "ҚР үздік кафедрасы – 2021" Республикалық конкурсын өткізді.

"Герман-роман филологиясы" кафедрасы "Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар" бағыты бойынша осы конкурсқа қатысқаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау қазылар алқасы "Герман-роман филологиясы"кафедрасының жетістіктерін, жоғары нәтижелерін және әлеуетін жоғары бағалады.

Ұйымдастыру комитетінің Алғыс хатымен "Герман-роман филологиясы"кафедрасының меңгерушісі Кәкімова Майра Еренғайыпқызының жұмысы атап өтілді.

Жеңісіңізбен құттықтаймыз!

15.11.2021