Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Сенат депутаттары жаңадан салынып жатқан оқу-зертханалық корпусында болды

Қозыбаев университетінде СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бастаған бір топ делегация болды. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Әлімжан Құртаев, дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдерімен бірге олар қаланың әлеуметтік маңызды нысандарын аралады. Жаңа салынып жатқан ЖОО оқу-зертханалық корпусына да атбасын бұрды.

Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Рената Апергенова меймандарға қазіргі заманғы оқу-зертханалық корпусы ғылымды, академиялық бағытты, нетворкингті дамытудың қозғаушы күші болатын, жаңа университеттік экожүйені құруға мүмкіндік беретінін айтып берді. Бұл кешенде аграрлық бағыт, инженерия, медицина, IT бағыты бойынша 73-ке жуық зертхана ашылады. Ал, зерттеулердегі негізгі басымдық өңірге қажетті жобаларды іске асыру.

Бүгінгі таңда біздің ЖОО Аризона университетімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Мұндағы бағыттардың бірі– қос диплом жобасын жүзеге асыру. Сондай-ақ, университетің 70-тен астам қызметкері мен ПОҚ Назарбаев университеті базасында оқытудың жаңа әдістемелері, білім беру бағдарламаларын жасау, білім берудегі зерттеулер мен менеджментке прогрессивті тәсілдер бойынша қосымша оқытудан өтті. Сенатының депутаттары жаңа корпус жоғары оқу орнының дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

12.11.2021