Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

МЖҒФ Құттықтайды !!!

16 қазан күні Қазақстанның жоғарғы оқу орындар өкілдерінің қатысуымен Sustainability Living Lab (SLL) Бағдарламасының Конференциясы өткізіледі. Бұл бағдарламаны Шеврон компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінің Тұрақты Даму Офисі мен «National Conservation Initiative» Корпоративті қоры жүзеге асырады.  

SLL бағдарламасының мақсаты - университеттердің жасыл бастамаларына қолдау көрсету. Бұл бағдарлама студенттер мен оқытушыларға инновациялар мен қолданбалы зерттеулерді қолдана отырып, әр түрлі экологиялық мәселелерді шешу арқылы кампустардың тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. 

Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын Sustainability Living Lab бағдарламасы  Назарбаев университетінде үш жыл бұрын бастау алды. 2020 жылдан бастап Sustainability Living Lab Outreach бағдарламасы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде және Ғ. Даукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Университетiнде жүзеге асырылады. Біздің университеттен "География және экология" кафедрасының аға оқытушысы Мажитова Гульнур Забихуллаевна "Кампусты көгалдандыруды жоспарлау үшін ГАЖ технологияларын қолдану" тақырыбы бойынша конференцияға қатысты.

Конференция аясында Sustainability Living Lab Outreach бағдарлама қатысушылары университеттерінде жүзеге асырылатын жасыл жобаларын таныстырды. Бұл жобалар энерготиімділікті арттыру, пластикті қайта өңдеу, кампусты көгалдандыру, жанармайдың баламалы көздері, жасыл стандарттарды енгізу және т.б.  

Бұдан басқа ЖОО өкілдері тұрақты даму саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттер қайта өңделген қағаздан түрлі бұйымдарды дайындау бойынша мастер-классқа қатысты.

Еске сала кетейік, Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында  Назарбаев университетінде кампустың экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған 15 астам жобалар жүзеге асырылды. Sustainability Living Lab Outreach бағдарламасы аясында жүзеге асырылған студенттердің 16 жасыл жобасы еліміздің төрт университеттерінде түрақты даму үрдісіне үлес қосуда. 



22.10.2021