Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Волейболдан жарыс аяқталды

Университетте студенттер арасында волейболдан жарыс аяқталды. Сайысқа әр факультеттен қыздар атынан 5 команда және 7 ұлдар құрамасы қатысты. Жарыс 2 аптаға созылды.

Қыздар арасында 3 орынға АФ студенттері жайғасты. 1 орын үшін педагогикалық факультетінің волейболшылары тарих, экономика және құқық факультетімен сынға түсті. Тартысты ойында ПФ спортшылары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұлдар арасында да жарыс қызу өтті. "Қола" медалі үшін инженерлік және сандық технологиялар мен медицина факультетінің құрама командалары жарысты. Ауыр күресте ИСТФ волейболшылары 3 орынға ие болды. Шешуші ойын, финалда АФ және ПФ екі мықты командасы кездесті.

Жарыстың қорытындысы бойынша 2 орын агротехнологиялық факультеттің студенттеріне бұйырса, ал ПФ құрамасы студенттер арасында  волейболдан абсолютті чемпиондар атанды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар университеттің волейбол құрамасына енетін болды.

Педагогикалық факультетінің құрама командасын жеңістерімен құттықтаймыз!

22.10.2021