Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жайдарман. Жаңа маусым.

ЖОО-да «Есілде» Жайдарман лигасының жартылай финалы өтті. Сахнада 6 команда өнер көрсетті, оның ішінде төрт команда– Қозыбаев университетінің атынан қатысса, тағы екі құрама СҚО Ақжар және Тимирязев аудандарынан келді.

Ойын екі кезеңнен тұрды. Карантиндік шараларға байланысты әзіл кеші көрермендерсіз өтіп, әлеуметтік желілерде көрсетілді. Алайда, бұл ойыншылардың шешендіктерін, тапқырлықтарын, актерлік шеберліктерін көрсетуге кедергі болмады. Сайыс барысында ойыншылардың әзілдерінде бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптар көтерілді.

Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы біздің университетпен бірлесіп ұйымдастырды. Нәтижесінде Жайдарман ойындарының келесі кезеңіне Ақжар ауданының «Ойнада күл», Трио ГБ (Қозыбаев университеті), Тимирязев құрамасы өтті. Жартылай финалдың жеңімпаздары «Сага и компания» атты университет командасы атанды.

15.10.2021