Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінде парасаттылық сағаты өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында «Қызылжар– адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп ЖОО-да парасаттылық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін жастардың құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, білім алушылардың заңнама нормаларын сақтауға, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға ұмтылысын қалыптастыру.

Кеңсе жетекшісі Сәлімхан Сәбитовтың сөзінше, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі міндеттері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қоғамдық бақылау болып табылады. Сондай-ақ, жиналғандар алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, СҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев сөз сөйледі.

Спикерлер өздерінің жеке өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдаушыларға жас ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қағидаттары, адал еңбектің маңыздылығы және біздің қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы айтып берді.

14.10.2021