Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттер 1 400 000 теңге грант жеңіп алды

Назарбаев университетінің бастауымен ғылыми жобалар байқауында біздің студенттер үздіктер қатарынан көрінді.

АФ студенті Ақтоты Сайлаубай сайысқа қатысу үшін «Екінші реттік шикізаттан толықтырғыштармен байытылған сусын жасау технологиясы» тақырыбында жоба ұсынды. Ол амин қышқылдарына бай, биологиялық белсенді заттары бар сусын өнімін шығарды. Жобаға 400 мың теңге көлемінде қаражат берілді. Қазіргі таңда газдалған сусындар өте көп, ал бұл өнім ондай сусындарды алмастыруға арналған таптырмас мүмкіндік.

Аскөк, ақжелкен, бұршақ бұл пайдалы өнім жасап шығару үшін қолданылған тұқымдар. Танымды, әрі қызықты жобалар қатарынан Шакиза Есімнің жұмысы танылды. Микрожасылдар жобасын ұсынып, түрлі уақыт аралығында тұқымдарды арнайы зертханаларда өсірді. Жалпы жобаға 600 мың көлемінде қаражат бөлінді. Жер қоспасы ретінде какос, торф, бақша және тағы басқа топырақ қолдануға болады екен. Енді микрожасылдарды университет қабырғасының асханасы мен тағам өнімдеріне қосу және бұдан бөлек дәмханаларда қолдану мүмкіндігі бар.

Тағы осындай пайдалы әрі қызықты жобалардың бірін Агротехнологиялық факультетінің студенті Сымбат Сейтқасымова алға тартты. Ол 400 мың көлемінде бөлінген қаражатқа «Табиғи құрамды шоколадты паста» өнімін жасай алды. Құрамында табиғи какао мен шоколад ерітіндісі бар, толықтырғыш шикізатты қолдана отырып, аз шығынды жаңа өнімді ұсынды. Бұл өнім диетаны ұстанатындар үшін пайдалы болмақ. Енді оның, дайын паста өнімін және құрғатылған кеспе түрінде сату ниеті бар.

Айтып өткен жөн, студенттер Назарбаев университетінің тұрақты даму кеңсесімен «Шеврон Мунайгаз Инк.»  компаниясы бірлесіп іске қосылған қанатқақты жобасы аясында ғылыми жобаларын жүзеге асырды. Қаржы жабдықтар мен қоспаларды, тұқымдарды сатып алуға және өнімдерді қаптауға, сақтауға арналған тоңазытқыштарға жұмсалды. Сондай-ақ, енді білімгерлер байқауға қатысқан жобаларын дипломдық жұмыстары ретінде таңдай алады.

13.10.2021