Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Халықаралық аренада жүлделі орын!

Қозыбаев университетінің студенттері тағы бір мәрте биіктен көрінді! Бұл жолы «Қаржы және менеджмент» кафедрасының 4 курс студенті Алина Жалтурова өзінің зияткерлік қабілетімен, ғылыми көзқарасымен және талантымен ерекшеленді.

Бойжеткен Қазақстан құрамасының еніп және Сочи қаласында (РФ) өткен Халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасында біздің елімізді лайықты деңгейде көрсете білді. Іс-шара КЖ/ТҚҚ саласындағы Халықаралық желілік институты Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның қаржылық барлау бөлімшелерімен бірлесіп өткізілді.

Осы елдердің студенттері мен оқушылары, барлығы 500-ден астам адам, заңтану, халықаралық қатынастар, экономика және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы күштерін тексеруге жиналды. Алина барлық тапсырмаларды орындап, қазақстандық командадан ең көп ұпай жинап, экономика мен құқық, ақшаны жылыстату және терроризм идеяларына қарсы тұру мәселелерін жақсы түсінетіндігін дәлелдеді. Нәтижесінде біздің студент құрметті 2 орынға ие болды!

Мұндай ауқымды оқиға алғаш рет болып отыр. Халықаралық олимпиадаға төрт айлық дайындық жүргізілді. Алдымен ұлттық кезең – Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы тестілеуді еңсеру керек болды. Содан кейін ҚР жетекші жоғары оқу орындарының базасында даярлықтан және оқытудан өтеді. Бұдан әрі- іріктеу кезеңінде 31 мың ниет білдірушілер арасында Халықаралық кезеңге өтті. Алина барлық қадамдарды сәтті орындап, 8 қатысушымен бірге Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран» университеті мен «Назарбаев Университеті» АҚ еліміздің намысын қорғады.

Жүлделі орын мен ІІ дәрежелі диплом Алина Жалтуроваға ТМД мен ЕАТ–ға қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарын, ғылыми және білім беру орталықтарын біріктіретін заманауи ғылыми-білім беру консорциумы-КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институттың кез келген университеттерінде оқуға 50% жеңілдік алуға мүмкіндік берді.

Алина Жалтурованы және оның ғылыми жетекшісі, «Қаржы және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Ю.Фоотты жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

12.10.2021