Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Сержан братан» Қозыбаев университетінде

М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театрының актерлері Қозыбаев университетіне ат басын бұрды. Ғалым Оспанов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы және Дулыға Ақмолда. Жастар арасында олар, әсіресе, қазақстандық «Сержан братан» телесериалы арқылы аса танымал. Бұл актерлер онда басты рөлдерді сомдайды. Қонақтар студенттермен акт залында кездесті. Студенттерді сүйікті телехикая актерлері шығармашылық жолдарын қалай басталғандары қызықтырды. Меймандар театр сахнасының құпияларымен де бөлісті. Дулыға Ақмолда жиналғандармен қылмыстық комедияның сюжеттік желісі, кейіпкерлердің бейнесі мен түсірілім процесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Айта кеткен жөн, Қазақстан кинематография Одағы сыйлығының лауреаты - Дулыға Ақмолданың шығармашылық жолында 20-дан аса түрлі жанрда рөлдерді сомдаған.

Сондай-ақ, қонақтарға Қозыбаев университетінің «Шаңырақ» және «Пилигрим» студенттік театрларының шығармашылығы таныстырылды. Шара соңында студенттер өнер ұжымымен естелік суретке түсіп, қолтаңба алды.

04.10.2021