Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау өтті

Бүгінгі таңда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тақырыбы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі, университетімізде өткен «Идеялар марафоны» студенттік жобалар байқауы. Сайысқа ең белсенді, әрі жауапты 3 студенттен құралған 5 команда қатысты. Конкурсқа қатысу шарттары бойынша әр команда ұрандарын ойлап тауып, сыбайлас жемқорлық тудыратын мәселені анықтап және оны шешу жолын ұсыну қажет болды. Кейін команда қатысушылары кезекпен шығып, өз жобаларын ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты мен міндеті студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл амалдарын, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу шараларымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелерімен таныстыру.

Конкурсты бағалау бойынша  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің, СҚО Ішкі саясат басқармасының, "Қызылжар- адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері қазылық етті. Нәтижесінде, «Адал өмір» командасы ұсынған жоба үздік деп танылды. 2 орынды PR-Ж-21 «Адал жастар» тобының болашақ журналистері иеленді. Үздік үштікті агротехнологиялық факультеті атынан «Антикоррупционеры» командасы түйіндеді.

01.10.2021