Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Интеллектуалды сайыста үздік полиглоттар анықталды

Тіл және әдебиет институтында «Полиглот» облыстық байқауын «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалының қолдауымен «Практикалық қазақ тілі» және «Шет тілдері» кафедралары ұйымдастырды. Сайыс Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжі, ҚР Ұлттық ұланы әскери институты және университетіміздің білім алушылары арасында өтті.

Сайыстың мақсаты: білімгерлердің тілдік дағдыларын қалыптастырып, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, үш тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын ояту болды. Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. Интелектуалды ойын қатысушылардың пәндерге деген тапқырлық , ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырады.

Ойын 5 кезең бойынша өткізілді:
1-кезең – «Тұсаукесер»
2-кезең – «Кім жүйрік»
3-кезең – «Жыр сандық»
4-кезең – «Полиглот»
5 - кезең – «Ұлы даланың жеті қыры».

Алғашқы кезең сайысқа қатысушылардың тапқырлығына қарай өздерін таныстыруымен басталды. Онда команда өздерін атауы, ұраны, фото-слайдтар немесе бейнероликтер арқылы (уақыты 2-3 мин) таныстырды. Келесі кезеңде білім алушылар белгілі тапқырыпта құрастырылған сұрақтарға жауап берді. 3 кезеңде қатысушылар өлеңдерді үш тілде мәнерлеп оқыды. Ал, 4 кезеңде мақал-мәтелдердегі жетіспейтін сөздерді үш тілде толықтыру қажет болды. Ақырғы кезеңде студенттер мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша қазақ және орыс тілдерінде пікірлерімен бөлісті.

Қатысушылар әрбір кезеңнен сүрінбей бар білімдерін ортаға салып, берілген тапсырмаларға үш тілде жақсы жауап бергенін атап айтқан жөн. Сайыс жастардың тіл үйренуге және әлемдік мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру, тіл саласындағы білімдерін анықтау, студенттерді толеранттылыққа, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Байқауды қорытындылай келе, қазылар алқасы қатысушылардың тілдік білімінің деңгейін, сөздердің дұрыс айтылуын, сондай-ақ, жауаптардың толық болуы мен мазмұнын ескеріп, жүлделі орындарды анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша 5 кезеңнен сүрінбей өткен ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының командасы жеңіске жетті. II орынды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің командасы иеленіп, III орын Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжінің командасына бұйырды.

27.09.2021