Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Көшбасшылық дағдыларды дамыту

Осындай атаумен «Erasmus+/ DeSTT» шеңберінде өтетін халықаралық семинар оқу ордамызда ұйымдастырылды. Оған Италия, Испания, Польша, Моңғолия, Ресей және Қазақстанның жоғары оқу орындарының серіктестері қатысты. Жиында  жоғары оқу орындары мен колледждер оқытушыларының, мектеп мұғалімдері мен «Білім» бағыты бойынша оқитын магистранттардың көшбасшылық құзыреттіліктерін дамыту бойынша мәселелер талқыланды.

Баяндамашылардың әрқайсысы өз тәжірибесімен және DeSST жобасы бойынша туындаған мәселелерді шешу жолдарымен бөлісті. Мәселен, жаңа білім беру курстарын ашу, пәндерді оқыту сынды. Ұйымдастырушы Кассино және Оңтүстік Лацио университеті (Италия) болып табылады. Семинарда оның өкілі, профессор Алессандро Фигус Еуропадағы мұғалімдердің біліктілігін арттыруды модернизациялау және көшбасшылық саласындағы мұғалімдерді дайындау туралы баяндады.

Айта кетейік, «Erasmus + / DeSST» жобасы 3 жылдан бері жүзеге асып келеді. Нәтижесі - педагогикалық, әлеуметтану, психологиялық, құқықтық, экономикалық және басқару элементтерін біріктіретін пәнаралық модульдік магистрлік бағдарламаны әзірлеу, сонымен қатар,  «Көшбасшы мұғалімдер» біліктілігін жоғарылату бағдарламасын әзірлеген. Жобаның жетістіктері біздің өңір мен еліміздің педагогикалық қауымдастығы арасында семинар-тренингтер арқылы таратылады. Ол үшін Қозыбаев университетінде көшбасшылықты дамытудың білім беру орталығы ашылды.

24.09.2021