Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Erasmus+: Болашақ оқытушылар үшін көшбасшылық дағдыларды дамыту

Қозыбаев университетінде  Erasmus+ - «Құзыреттілікті дамыту және көшбасшылық саласындағы/мұғалімдерді даярлау/ DeSTT» атты жобасы 2020 жылы іске асырыла бастады. Еуропалық Одақ қаржыландыратын бұл жобаны университет 2019 жылы жеңіп алды. Жобаның негізгі мақсаты оқытушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды. Аталмыш жобаға университетіміздің педагогикалық мамандықтарының магистранттары мен оқытушылары тартылды. Жоба серіктестері: Алматыдағы халықаралық қатынастар университетімен Еуропа, Ресей, Моңғолияның 3 университеті болып табылады.

Үйлестірушілердің айтуынша, бұл жоба өте қызықты, әрі жетекші педагогтар мен қызмет жасап жүрген оқытушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Жоба 3 жылға созылмақ. Екі жылда бірқатар нақты нәтижелер бар. Атап айтсақ, электронды оқулықтар, ғылыми мақалалар, жаңартылған оқу жоспары, магистранттарға көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша енгізілген жаңа пәндер, сонымен қатар, үздіксіз білім алу курстары әзірленді.

Университетіміздің де қол жеткізген нәтижелері аз емес. Оның ішінде өткізілген халықаралық семинарды атауға болады. Оған біздің облыстың 114 білім беру саласының қызметкерлері мен университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Сондай-ақ, 5 жұмыс оқу жоспары жасалды. Соның бірі - «Қарым – қатынастағы қақтығыстарды тиімді басқару» болып табылады. Жоба аясында білім ордамыздың оқытушылары 3 ғылыми мақала жариялады. Қазіргі таңда 72 сағаттық кәсіби дайындықты қажет ететін онлайн курс құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған арнайы бейне сабақтар мен дәрістер жазылды. Негізінен бұл жұмысқа педагогика және психология кафедрасының оқытушылары белсенділік танытты. 

Бұл туралы Erasmus+ жобасының өкілдері мен университетіміздің қызметкерлері қатысқан кездесуде белгілі болды. Жиында жобаның стратегиялық маңызды мәселелері мен дамуы талқыланды. «Жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі аяқталғаннан кейін жоба өз жұмысын жалғастыра береді. Сондай –ақ, Erasmus + аясында шығарылатын өнімнің сапасына кепілдік беру туралы айттық. Әрбір өнім сертификатталған және сапа бойынша тексерілуі керек. Біз Өрлеу біліктілікті арттыру институтымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткіміз келеді», - деді Erasmus + жобасының үйлестірушісі Ирина Олькова.

Бір сөзбен айтқанда, жоба студенттерді оқытудағы көшбасшылық саласындағы кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған.

22.09.2021