Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттердің жаңа ортаға бейімделу тәсілдері

Қозыбаев университетінде студенттердің қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшысы мен халықаралық қатынастар жөніндегі маман Дина Игілікова білім алушыларға «Аралардан, ормандар мен қаржы нарығынан не үйрене аламыз: жеке адамның бейімделуден қоғамдық тұрақтылыққа дейін» атты дәріс оқыды.

Ол өз сөзінде адамдар мен жәндіктер сияқты күрделі тірі организмдер арасында кері байланыс бар екенін көрсете алды. Бұл жүйе адамдарға өзін-өзі ұйымдастыру мен  тұрақты дамудың негізін үйретеді.

Кез келген күрделі бейімделу жүйесі, мысалы, аралар, түрлі компоненттердің (аралардың) көп болғанымен, басқаруға келмейді. Бірақ, оған қарамастан, олардың барлығы біртұтас жүйені құрайды және өздігінен оңай ұйымдасуға бейім келген. Ең бастысы, олар өздерінің ішкі дүниесін өзгерте отырып, жаңа ортаға тез бейімделе алады. Осының арқасында олар мыңдаған жылдар бойы эволюцияны бастан өткерді.

Дина Игілікова студенттерге әр адамда осындай ерекшеліктердің болу керек екенін түсіндірді. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуді, төзімділікті дамытуға және ең бастысы жаңа ортаға тез үйреніп кетуге көмектесетінін айтты.

«Кері байланыстың болуы өте маңызды. Белсенді болу сізге көзқарастары, діні, жасы мен ұлты әртүрлі, бірақ, мақсаттары бірдей достар мен таныстарды табуға көмектеседі. Аталған қағидалар бойынша кез келген мәселені қалай шешуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді»,- деді Дина Игілікова.

Кездесу ашық пікірталас форматында өтті. Баяндамашы аудиторияға жиналған болашақ маман иелеріне өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Түрлі салада қызмет ету туралы әңгімелеп, кез-келген ортаға, қоғамға тез бейімделудің құпияларымен бөлісті.

22.09.2021