Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

МЖҒФ жеңіске жетті

Университетіміздің студенттер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Дәстүрлі түрде өтетін дүбірлі доданы «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты- білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту. Мықты спортшылардан шағын футболдан қалалық және республикалық жарыстарға қатысу үшін университет командасын құруға ынталандыру.

Турнирге қатысуға 8 құрама ниет білдірді. Олар: ТЭҚФ, МЖМ, ИСТФ, ТжӘИ, ПФ, АФ, МЖҒФ және «Foundation» факультеттерінің білімгерлері. Ойынға қатысушылар өздерінің біліктіліктері мен дайындықтарын кеңінен көрсете білді.  Сайыстың ақтық кезеңінде ең мықты 2 команда сынасты. Соңғы таймда инженерлік және сандық технологиялар факультет кұрамасының қақпасына гол соққан математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің қатысушылары жеңіске жетті.

Жарыстың нәтижесі бойынша бас жүлдені МЖҒФ командасы иеленді. Жүлделі II орынға ИСТФ лайықты деп танылды. III орынға ТЭҚФ құрамасы қол жеткізді.  IV орын ПФ командасына бұйырды.

Турнирдін соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, 1-3 орын алған командалар құрмет грамоталарымен марапатталды.

17.09.2021