Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М.Жұмабаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Тарихымыздың ең қайғылы беттерінің бірі– сан миллиондаған адамның өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты еске алу күні. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы «Тарих ақтаңдақтары» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау республикалық жобасын құрды.  Оның аясында ақпараттық-танымдық, қоғамдық және ғылыми бағыттарда біршама іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі, «Тарихқа тағзым» атты ескерткіштерге гүлшоғын қою. Еліміздің барлық облыстарында өткізілетін бұл науқан «Салауат» Шығыс-Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілуде.

Қозыбаев университеті де аталмыш жобаны қолдап, Мағжан Жұмабаев ескерткішінің алдында гүлшоқтарын қою рәсімі өткізілді. Жиынға университетіміздің тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері мен оқытушылар құрамы белсене атсалысты. Бүгінде әр облыста аймақтық комиссиялар құрылып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бойынша мұрағаттарда тыңғылықты жұмыстар жүргізіліп келеді.

17.09.2021