Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Журналистика" кафедрасында "Парасат" редакциясы" атты жаңа аудитория ашылды

Kozybayev University-де жаңа аудитория ашылды, онда "Журналистика" және "PR-журналистика" мамандықтарының студенттері кәсіби дағдыларын шыңдай алады. Шығармашылық шеберхана "Парасат" редакциясы" деген атқа ие болып, алтыншы оқу корпусының екінші қабатында орналасқан. Мұнда "Журналистика" кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен білім алушылар аттас студенттік телебағдарлама мен газеттің жаңа және қызықты шығарылымдарын дайындайды. Қажетті техникамен жабдықталған зертхана студенттерге камерамен, фотоаппаратпен жұмыс істеуге, репортерлық шеберлікті үйренуге мүмкіндік береді. Әрине, жаңа аудиторияның ашылуы – "Журналистика" кафедрасының болашақ қалам мен микрофон мамандарын сапалы дайындаудағы тағы бір қадамы.

 

16.09.2021