Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Қозыбаев университетінде ҚР Президентінің жолдауы талқыланды

 

Оқу ордамызда Казақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Казақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын талқылауға арналған конференция өтті. Шараның басты мақсаты мемлекет басшысы бағдарламалық, тарихи құжатта аталған ел дамуының басты басым бағыттары мен түйінді бастамалары туралы тыңдау және талқылау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Отырысқа әкімшілік-басқару ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы, ЖОО-ның білім алушылары қатысты.
Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шұланов дарынды жастарды қолдап олардың мемлекетті модернизациялаудағы рөлі туралы айтып, жоғары оқу орындары білікті кадрларды даярлауда жауапты екендігін, конференцияның өтілуі Президенттің жолдауын жан-жақты талқылау және профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерді осы құжатта көрсетілген іс-шаралар кешенін іске асыру үшін белсенді жұмыс атқару мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті.
Педагогтардың білім беру қызметіне 1,2 триллион теңге бөлінеді. Демек, мемлекет мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырмақ. Білім министрлігінің алдында оқу бағдарламаларын жаңа деңгейге бейімдеу міндеті тұр. Басқарма Төрағасы-Ректор кеңесшісі Ақмарал Ыбыраева өз сөзінде ғылым саласындағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Бұл орайда жетекші ғалымдардың жалақы мәселесі көтерілгенін атап өткен жөн. Мәселен, биыл қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы бір жарым есе көбейді, яғни 25%-ға өсті.
Сондай-ақ, конференцияда білім мен ғылым бағытымен қоса «Халықтың әл-ауқатын арттырудың экономикалық аспектілері», «Ел мен аймақтың дамуындағы агроөнеркәсіптік кешеннің рөлі», «Ұйыстыру елдің одан әрі дамуының басты факторы ретінде» тақырыптары қозғалды. Мемлекет басшысы елдің табысты дамуына бағытталған экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақты қадамдардың тұтас бір қабатын ұсынды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы ең алдымен пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамуға бағытталды. Ғылым мен білім сапасын арттыру әлі де өзекті. Бүгінде Қазақстан 2025 жылға дейін дамудың Ұлттық және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдап, ұлттық жобаларды бекітті. Мемлекет басшысының үндеуі университет ұжымы мен студенттері арасында қызу талқыға түсіп, кең қолдау тапты.

 

15.09.2021