Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Әскери кафедра курсанттары ант қабылдады

Қозыбаев университетінде әскери кафедра курсанттарының ант қабылдауға арналған салтанатты шарасы өтті. Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына қосылғандардың барлығы әскери ант қабылдауға міндетті. Бұл халыққа адалдық пен бекітілген конституциялық тәртіп болып саналады.

Бүгінде университетіміздің әскери кафедрасында 316 студент оқиды. Оның 12-сі қыз. Салтанатты шарада 122 курсант ант қабылдады. ЖОО негізгі білім беру бағдарламасы бойынша олар төртінші курста оқиды. Оқуларын бітіргеннен кейін курсанттар қосымша әскери мамандыққа ие болды. Енді олар, мәселен, «Қарулы күштердің бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану», «Территориялық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру» немесе «Ұйымдастыру -жұмылдыру жұмысы», сондай-ақ, әскери запастағы лейтенанттар қатарына қосылуға мүмкіндік алып отыр. Өткен жылы кафедраны 123 курсант тәмамдады.

13.09.2021