Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінің сайты қазақстандық ЖОО арасында үздік 5-ке енді

Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі жүргізген қазақстандық ЖОО – 2021 веб-сайттарының рейтингісінің нәтижелері бойынша Қозыбаев университеті 107 ЖОО арасында 4-ші орынға ие болды!

Бұл рейтингте университеттердің ресми веб-ресурстары сегіз критерий бойынша бағаланды. Веб-сайт беттерінің саны, оларда орналастырылған құжаттар, ақпараттың жаңартылу жиілігі, жүктеу жылдамдығы, дизайны мен навигацияның қарапайымдылығы, мемлекеттік тілде ұсынылуы, орыс тілі және ағылшын тілдері, қаралым саны және сайтқа сілтемелер назарға алынды.

Қазақстандағы 13 университет порталдарының дизайны мен навигациясының қарапайымдылығы бойынша бірінші орынды өзара бөлісті. Олардың арасында Satbayev University, Нархоз университеті, КИМЭП Университеті және біздің оқу ордамыз бар! Осылайша, 2021 жылы университеттің жаңа брендбугіне сәйкес жүргізілген сайтты қайта құру республикалық деңгейде танылды.

Сондай-ақ, біздің университет веб-беттер мен оларда орналастырылған құжаттардың саны бойынша үздік үштікке енді. Айта кеткен жөн, Қозыбаев университетінің мамандары талапкерлердің, олардың ата-аналарының, студенттердің, оқытушылардың және қызметкерлердің сайтта  барлық ақпаратты оңай табуы үшін жетілдіріп отырады. Егер сіз Қозыбаев университетінің веб-сайтының жаңа дизайнына әлі де баға беріп үлгермесеңіз, біз сізді www.nkzu.kz сайтында күтеміз!

13.09.2021