Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың шәкіртақысы өсті!

Бакалаврларда 20%– ға, магистранттар мен докторанттарда 15%- ға өсті. Енді бакалаврлар стипендиясы 31 423 теңгені құрайды. Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушылар бұрынғы 42 000-ның орнына, болашақ дәрігерлер сияқты ай сайын 50 400 теңгеден алмақ.

Сонымен қатар, магистранттардың, докторанттар мен интерндердің шәкіртақысы арттырылды. Егер бұрын магистратурада грант бойынша білім алушылар 66 913 теңге алса, енді - 76 950 теңгеге дейін өсіп отыр. Докторанттар стипендиясы 172 500, интерндерде – 59 289 теңгеге дейін өсті.

Айта кетейік, биыл мұндай қолдау шаралары Президенттің тапсырмасын және "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі "Жол картасын" іске асыру аясында жүзеге асырылды.

09.09.2021