Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттердің жатақханаға орналасуы

Қазіргі таңда университет кампусының аумағында 1114 орны бар 3 студенттік жатақхана орналасқан. Аудандардан келіп жатқан студенттерді орналастыру кезең-кезеңімен жүріп жатыр.
Мемлекеттік ережелерге сәйкес қоныстандыру кезектілігі бойынша жүзеге асырылады. Атап айтсақ,
1 кезекте-әлеуметтік санаты төмен: жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар.
2 кезекте-жеңілдік берілетін студенттер санаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
3 кезекте- "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алушылар.
4 кезекте- грант жеңіп алған студенттер мен "Алтын белгі"иегерлері кіреді.
Демек, осы санаттағы студенттер ғана жатақханада тұра алады. Өкінішке орай, аталған санаттардың ешқайсысына сәйкес келмейтін студенттер де бар. "Біз бұл санаттарды бірінші курс студенттеріне назар аудара отырып толтыруға тырысамыз, өйткені олар университеттік ортаға бейімделіп, қалаға үйренісіп кетулері керек. Сонымен қатар, олар көбінесе кәмелет жасқа толмаған студенттер қатары. Өкінішке орай, жоғарыда атап өтілген санаттар бойынша жалған мәліметтер беретін жағдайлар болады. Сондықтан барлық деректер мен құжаттар тексерілуі керек, сол себепті кейбір студенттер бірден қоныстанбайды. Бірақ, біз көшеде бірде-бір студентті қалдырмаймыз", - деп атап өтті Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Рената Апергенова.
Сонымен қатар, қаладағы ғимарат иелерімен кездесулер өткізілді. Жалға алу және студенттерді қол жетімді бағамен орналастыру мүмкіндігі туралы келістік. Осылайша, қосымша 350 орын ашылды. Студенттер үшін барлығы 1500 орын бар және олардың барлығы қоныстануда. Тек осы жылы ғана облысты дамытудың кешенді жоспары аясында 1200 орын және МЖӘ бойынша 344 орындық жаңа жатақханалардың құрылысы басталды. ЖОО-ға тағы бір жатақхана беру мәселесі қарастырылуда. Бұл жатақханаларға 3000-нан астам орын береді.

 

06.09.2021