Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Асхана үй-жайын жалға алу" конкурс өткізу туралы

«Асхана үшін ғимаратты жалға беру» конкурсын өткізу бойынша хабарлама (ары қарай – Хабарлама) «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ қызметкерлері мен студенттерін тамақтандыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты (тамақтану орнының бар болуының қажеттілігі) «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ Басқармасының 2021 жылғы 29 наурыздағы шешімімен бекітілген «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалға (жалға) беру ережелеріне сәйкес, сонымен қатар тұрғын емес үй-жайларды жалға беруден табыс алу мақсатында әзірленді.

Конкурсытң атауы«Асхана үшін ғимаратты жалға беру»

Конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Петропавл қ., Пушкин к-сі 86 (ары қарау – Конкурсты ұйымдастырушы).

1. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны

Конкурсқа қатысуға ықтимал жалға алушылардың конкурстық өтініштері бар конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссияның отырысы Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, 163 кабинет мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 20 қыркүйекте жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минутта өткізіледі.

2. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау орыны мен мерзімдері

Конкурсқа қатысуға өтініштер жабық конвертте ықтимал Жалға алушылармен немесе сенімхат негізінде конкурсқа қатысуға өтінішті беру бойынша олардың мүддесін қорғайтын өкілетті тұлғаларымен Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, 165 кабинет мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 20 қыркүйекте жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минутқа дейін ұсынылады.

Ықтимал Жалға алушының өтініші хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау мерзімі өткен соң қабылданбайды.

3. «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ бекітілген мүліктік жалға беру мерзімі мен жалға беру ақысының мөлшері, алаңы, орналасқан жерін қоса алғанда жалға беру объектісі туралы ақпарат және қысқаша сипаттамасы

№1 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 78,4 шаршы метр, Петропавл қ., Жұмабаев к-сі 114, №6 оқу корпусы, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 1471685,90 (бір миллион төрт жүз жетпіс бір мың алтын жүз сексен бес) теңгеден кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№2 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 111,6 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 87, №10 оқу корпусы, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 2097688,20 (екі миллион тоқсан жеті мың алты жүз сексен сегіз) теңге жиырма тиыннан кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№3 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 71,7 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, №1 жатақхана, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 1354320 (бір миллион үш жүз елу төртмың үш жүз жиырма) теңгеден кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№4 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 76,16 шаршы метр, Петропавл қ., Бостандық к-сі 2, №2 жатақхана, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 1443234,10 (бір миллион төрт жүз қырық үш мың екі жүз отыз төрт) теңге 10 тиыннан кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№5 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 87,2 шаршы метр, Петропавл қ., Интернационал к-сі 26, №5 оқу корпусы, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 1636990,20 (бір миллион алты жүз отыз алты мың тоғыз жүз тоқсан) теңге 20 тиыннан кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№6 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 121,6 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 87, жүзу бассейні, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 2276723,80 (екі миллион екі жүз жетпіс алты мың жеті жүз жиырма үш) теңге 80 тиыннан кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№7 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 80,7 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, №3 оқу корпусы, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 1519555,20 (бір миллион бес жүз он тоғыз мың бес жүз елу бес) теңге 20 тиыннан кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

№8 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 99,7 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 81, №4 оқу корпусы, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл. Бір жылға жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 1104075,10 (бір миллион жүз төрт мың жетпіс бес) теңге 10 тиыннан кем емес және қосымша есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, ыстық/суық су шығыны).

 4. Мүліктік жалға беруге ұсынылатын объектіге конкурс өткізу шарттары және таңдау критерийлері

4.1. Комиссия ықтимал жалға алушылардың өтініштері бар конверттерді ашуды жүргізеді және орнатылған мерзімде және сәйкесінше ықтимал жалға алушылардың өтініштері журналында тіркелген өтініштерін оларды ұсыну мерзімі аяқталған күні салыстырады.

4.2. Конкурстың жеңімпазы Комиссиямен дауыс беру жолымен бағалау парағында 5 балдық шкала жүйесі бойынша хабарламада көрсетілген таңдау критерийлеріне сәйкес  анықталады. Ең көп балл алған ықтимал жалға алушы жеңімпаз болып есептеледі. Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес немесе одан асып түсетін Жалға берушіге ең тиімді жалға алу шарттары бар ықтимал жалға алушының өтініші шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Таңдау критерийлері:

  1. қызметтер құны;
  2. жұмыс тәжірибесі;
  3. жалға берудің болжалды құны;
  4. қала бойынша желінің бар болуы;
  5. студенттерді жұмысқа орналастыру;
  6. қосымша қызметтер.

4.3. Балдар тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазын Комиссия төрағасы немесе оны ауыстыратын тұлға анықтайды. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Комиссияның кез келген мүшесінің ерекше ойға құқы бар, ол ойы жазбаша түрде ресімделіп, Комиссия отырысының хаттамасына қосылуы тиіс.

4.4. Конкурстың жеңімпазы Жалға берушімен Келісімшартқа отырудан бас тартқан жағдайда Ажлға беруші екінші орын алған ықтимал жалға алушымен Келісімшарт жасасуға құқылы. 

4.5. Конкурсқа қатысу үшін өтініш бір ғана ықтимал жалға алушымен берілген немесе бірде-бір өтініш келіп түспеген жағдайда объектіні жалға беруге ұсыну туралы сұрақты қарастыру бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады.бұл жағдайда Комиссия хатшысы конкурс өткізілмеді деп тану туралы хаттама ресімдейді.

5. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі

Конкурсқа қатысуға өтініштер Конкурсты ұйымдастырушымен Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, 165 кабинет мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 20 қыркүйекте жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минутқа дейін қабылданады.

 6. Үлгілік келісімшарт

Үлгілік келісімшарттың жобасы (хабарламаға №2 қосымша).

7. Техникалық ерекшеліктер және жалға берудің басқа шарттары

Техникалық ерекшеліктерде көрсетілген (хабарламаға №1 қосымша). 

8. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімдемесі

8.1. Конкурсқа қатысуға өтініші бар жабылған конверттің бет жағында ықтимал жалға алушы:

  1. Ықтимал Жалға алушының толық атауын және пошталық мекен-жайын;
  2. Осы хабарламада көрсетілген сәйкесінше деректерге міндетті түрде толық сәйкес келетін Конкурсты ұйымдастырушының толық атауын және пошталық мекен-жайын;
  3. Конкурсқа қатысу үшін ықтимал Жалға алушының өтініші ұсынылатын конкурстың толық атауын көрсетуге міндетті.

8.2. Конкурсқа қатысуға өтініш ықтимал Жалға алушының хабарламамен орнатылған талаптар мен шарттарға сәйкес асхана үшін ғимаратты жалға беру конкурсына қатысуға келісім беру нысаны болып табылады.

8.3. Конкурсқа қатысуға өтініште болуы керек:

  1. атауы, заңды мекен-жайы (заңда тұлғалар үшін), жеке куәліктің (төлқұжаттың) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері (жеке тұлғалар үшін), ықтимал Жалға алушының бакнтік реквизиттері көрсетілген қатынас деректері;
  2. болжалды жалға алу объектісінің атауы, орналасқан жері, алаңы;
  3. жалға алу мақсаты;
  4. жалға алудың жоспарлы мерзімі;
  5. фирмалық бланкідегі хаттың телнұсқасын ұсыну арқылы ықтимал Жалға алушының мүліктік жалға берудің үлгілік келісімшартының шарттарымен және Ережелермен танысқандығы және келісетіндігі туралы растау;
  6. тұрғын емес ғимаратты жалға берудің бекітілген құны мен объектінің пайдаланғандығы үшін ақыдан төмен болуы мүмкін емес болжалды жалға беру ақысы;
  7. объект аясында ықтимал Жалға алушы көрсететін ілеспе қызметтердің түрі;
  8. жоспарланатын инвестициялары, бизнес-жобалары, объектіні бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларды жүргізу бойынша жұмыстары және басқалары бар техникалық ерекшеліктер мен басқа ұсыныстар;
  9. өтінішке келесі құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері немесе egov.kz порталы жүйесінің анықтамалар қоса беріледі::

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама, Жарғы, техникалық ерекшеліктердің талаптарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы немесе басқа әрекетті жүзеге асыруға құқығын растайтын лицензия/рұқсатнама немесе басқа құжат;

жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (болған жағдайда), жеке тұлғаны куәландыратын құжат, мекен-жай анықтамасы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар тізімдемесін жүргізген жағдайда серіктестікке қатысушылар тізімдемесінен көшірменің нотариалды расталған көшірме ұсынылады.

8.4. Хабарламада көрсетілген өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуына дейін жабық конвертке салынған бірінші жетекшінің қолы қойылған және мөрмен расталған (бар болған жағдайда) конкурсқа қатысуға өтініш ықтимал Жалға алушымен жазбаша түрде ұсынылады

9. Жалға берушінің жауапты тұлғасының қатынас деректері

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды Петропавл қ. Пушкин к-сі 86 165 кабинет мекен-жайы бойынша алуға болады, қатынас телефоны: 8 (7152) 397243.

10. Басқа ақпарат

Комиссия конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты өткізу нәтижелері туралы ақпаратты «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырады.

11. Конкурстық құжатнамаға қосымшалар:

  1. Техникалық ерекшеліктер;
  2. Асхана үшін ғимаратты жалға беру келісімшартының жобасы.
02.09.2021