Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жаңа технологияларды қолдану арқылы Қозыбаев университетін жасылдандыру

Оқу ордамыз университеттік экожүйені құру идеясын қолдайды. Осы шара аясында біздің ЖОО-мыз Назарбаев унверситетінің тұрақты даму офисімен және «Шеврон Мұнайгаз Инк.» арасында инновациялық жобалар байқауын жариялады. Бұл оқу кампустарында жайлы әрі жасыл орта құру үшін еліміздің үш университетінде іске қосылды.

Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арнайы комиссияға ЖОО-ның экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін өз жұмыстарын ұсынды. Біздің университетіміздің  4 ғылыми жобасын қазылар алқасы жоғары бағалап, 2 100 000 теңге көлемінде грант жеңіп алды. Оған қоса, 200 000 теңгені біздің ЖОО бірлесіп қаржыландырды.

Гүлнұр Мәжитова бастаған МЖҒФ жас ғалымдар тобы «Қозыбаев университетінің кампус аумағын көгалдандыру үшін ГАЖ-технологияларын пайдалану». Оны жүзеге асыру барысында университеттің геоақпараттық жүйесі әзірленді, ол студенттік қалашықтың электрондық картасы және геоақпараттар базасы болып табылады. Ол бірнеше модульден тұрады және әр оқу корпусы, инфрақұрылым нысандары, жол желілері, тұрақ орындары туралы ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, жобада кампус аумағындағы жасыл желектер, гүлзарлар мен көгалдар туралы мәліметтер ұсынылған. Мұның бәрі университеттің кеңістіктік құрылымын талдауға, болжауға және оңтайландыруға, оны көгалдандыру мен абаттандыруға шексіз мүмкіндіктер ашады. Жүйе өсімдіктердің түсі мен гүлдену уақытын ескере отырып, гүлзарларға орналастырылуын жобалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар,  «GEOSCAN-Kazakhstan» ЖШС-мен бірлесіп аэрофототүсірілім материалдары негізінде университет кампусының 3D моделі жасалады. «Бұл геодезиялық дәл өлшенетін 3D моделі. Оны дизайнерлер ғимараттардың шатырын жөндеу немесе саябақ аймағын құру кезінде қолдана алады. Содан кейін, дизайнерлер оның саябақ аймағының сәулеттік көрінісіне сәйкес келетіндігін анық байқауларына мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда студенттер осы модельге қол жеткізіп, әркім жобаға өз үлесін қосып, өз көзқарасын білдіре алады»,- деді «GEOSCAN-Kazakhstan»  ЖШС коммерциялық директоры Олеся Талашкина.

Жоба барысында 3D панорама – университет бойынша виртуалды экскурсия жасалды. Бұл студенттерге кампуста жақсы бейімделуге мүмкіндік береді, шетелдік студенттер  үшін де пайдалы болмақ. Сондай-ақ, университеттің веб-сайтын ақпараттық мазмұнмен толтырады.

Шынымен де бұл жоба университет үшін жаңа бастама болмақ. Назарбаев университетінің әріптестері оған ерекше қызығушылық танытып, жергілікті ғалымдарды өздерінің кампусын зерттеу үшін шақырды.

Енді Қозыбаев университетінің аумағы жасыл желекке толы және ең бастысы экологиялық таза ортаға айналады!

27.08.2021