6B01901 Дефектология

Факультет Педагогикалық факультеті (ПФ)
Кафедра Арнайы және әлеуметтік педагогика (АжӘП)
Білім беру саласының коды және жіктелуі 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 6B019 Педагогикалық ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау
Атауы 6B01901 Дефектология
Аккредитация Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әр түрлі дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істеуге,заманауи ғылыми білімі бар және арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінің өзгермелі инновациялық жағдайында, кәсіби қызметке дайындалған және үздіксіз кәсіптік білім берудегі кәсіби мәселелерін шешудің тиімді технологияларын қолдануға үйрету
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары)
Берілетін дәреже білім бакалавры
Кәсіби қызмет саласы Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (Секция M)
Білім (Секция P)
Лауазымдар тізбесі Дефектолог-мұғалім
Кәсіби қызмет түрлері Тәрбие
Диагностикалық
Түзету-дамытушылық
Білім беру
Кәсіби қызмет объектілері Интеграцияланған және инклюзивті білім беру мен балаларды оқыту бағдарламаларын іске асыратын әртүрлі арнайы және жалпы білім беру ұйымдары ПЛО, балаларды дамыту орталықтары, балалар үйі,оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдау орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар мен кеңестер және т.б.
Бағдарламаның ерекшеліктері Қос тарапты оқу жүйесінің /қос тарапты бағдарлама/ академиялық алмасу бағдарламасы,қосымша білім беру бағдарламасы
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі
Оқу түрі Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады.
Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғышарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Қазақ
Орыс
Кредит көлемі/сағат 240/7200
Білім алушыларға қойылатын талаптар жалпы орта білім беру
техникалық және кәсіптік білім беру
Бағдарлама менеджері Пустовалова Наталья Ивановна
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
Педагог кәсіби стандарты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша (КС)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия отырысында 2016 жылғы 23 қарашадағы № 2 хаттамамен бекітілген салалық біліктілік шеңбері (СБШ)