Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

6B02302 Шетел филологиясы

Факультет Тіл және әдебиет институты (ТжӘИ)
Кафедра Герман-роман филология (ГРФ)
Білім беру саласының коды және жіктелуі 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 6B023 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы В037 Филология
Атауы 6B02302 Шетел филологиясы
Аккредитация Нет
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасының мақсаты Шетел филологиясы саласында зерттеулерді жүзеге асыруға, шет тілдері мен әдебиетті оқыту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге, шет тілдерін оқыту, бұқаралық ақпарат тарату саласында, сондай-ақ өзге тілді сүйемелдеуді талап ететін басқа да салаларда жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлау.
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары)
Берілетін дәреже тіл білімі бакалавры
Кәсіби қызмет саласы Ақпарат және байланыс (Секция J)
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (Секция M)
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (Секция O)
Білім (Секция P)
Лауазымдар тізбесі Мемлекеттік қызметші
Журналист және әдеби жұмысшы
Кіші ғылыми қызметкер
Интернет-басылым қызметкері
Халықаралық ұйым қызметкері
Ғылыми-зерттеу институтының қызметкері
Қоғаммен байланысу бойынша маман
Зерттеу-филологы
Кәсіби қызмет түрлері Баспа
Ақпараттық-аналитикалық
Әдеби-шығармашылық
Ғылыми-зерттеу
Білім беру
Аудармашылық
Редакторлық
Көркем-публицистикалық
Кәсіби қызмет объектілері Ғылыми-зерттеу мекемелері, баспалар, түрлі үлгідегі білім беру мекемелері, халықаралық ұйымдар, кітапханалар.
Бағдарламаның ерекшеліктері Бағдарлама шеңберінде оқыту екі бағыт бойынша жүргізіледі: "ағылшын және неміс тілдері" немесе "ағылшын және француз тілдері".
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
Оқу түрі Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады.
Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғышарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Ағылшын
Неміс
Орыс
Французский
Кредит көлемі/сағат 240/7200
Білім алушыларға қойылатын талаптар жалпы орта білім беру
Бағдарлама менеджері Пузиков Евгений Юрьевич
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия отырысында 2016 жылғы 23 қарашадағы № 2 хаттамамен бекітілген салалық біліктілік шеңбері (СБШ)