Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

6B01402 Музыкалык бiлiм

Факультет Педагогикалық факультеті (ПФ)
Кафедра Саз пәндері (СП)
Білім беру саласының коды және жіктелуі 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 6B014 Педагогикалық ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы В006 Музыка мұғалімдерін даярлау
Атауы 6B01402 Музыкалык бiлiм
Аккредитация Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасының мақсаты Музыкалық білім беру саласында негізгі және кәсіби құзыреттілікке ие, сондай-ақ музыка мұғалімінің кәсіби міндеттерін шешуге қабілетті, кәсіби өсу мен ұтқырлыққа қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары)
Берілетін дәреже білім бакалавры
Кәсіби қызмет саласы Білім (Секция P)
Лауазымдар тізбесі Педагог (музыка мұғалімі, қосымша музыкалық білім беру жүйесіндегі пәндер бойынша мұғалім, арнайы орта білім беру мекемелеріндегі Музыкалық пәндер оқытушысы, мектепке дейінгі ұйымдағы музыкалық жетекші)
Кәсіби қызмет түрлері Мәдени-ағарту
Білім беру
Ұйымдастырушылық-басқарушылық
Жобалау
Оқу-технологиялық
Эксперименттік-зерттеу
Кәсіби қызмет объектілері Жалпы білім беру мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар және т. б.); орта арнаулы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және қосымша музыкалық білім беру ұйымдарының барлық типтері
Бағдарламаның ерекшеліктері Жалпы білім беретін мекемелер (мектептер, лицейлер, гимназиялар және т.б.); орта арнаулы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және қосымша музыкалық білім беру ұйымдарының барлық типтері
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі
Оқу түрі Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады.
Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғышарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Қазақ
Орыс
Кредит көлемі/сағат 240/7200
Білім алушыларға қойылатын талаптар жоғары білім
жоғары арнайы білім
жалпы орта білім беру
техникалық және кәсіптік білім беру
Бағдарлама менеджері Колесникова Галина Афанасьевна
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
Педагог кәсіби стандарты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша (КС)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия отырысында 2016 жылғы 23 қарашадағы № 2 хаттамамен бекітілген салалық біліктілік шеңбері (СБШ)