Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Білім беру саласының коды және жіктелуі 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 6B013 Педагогикалық ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Атауы 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Аккредитация Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби өсуге және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті, психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында жалпы мәдени, түйінді, жалпы кәсіби құзыреттілікке ие, сондай-ақ бастауыш білім беру педагогының кәсіби міндеттерін шешуге қабілетті білікті тұлғаны қалыптастыру
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары)
Берілетін дәреже білім бакалавры
Кәсіби қызмет саласы Білім (Секция P)
Лауазымдар тізбесі Мұғалім. Колледж мұғалімі
Педагог. Бастауыш сынып мұғалімі
Кәсіби қызмет түрлері Тәрбие
Ғылыми-зерттеу
Білім беру
Оқу-тәрбие
Кәсіби қызмет объектілері жалпыбілім беру мектептері, лицейлер, гимназиялар, қосымша білім беру жүйесі (балалар шығармашылық орталығы, балаларды дамыту орталығы, репетиторлық орталығы, балалар сауықтыру лагері және т.б.), педагогикалық колледждер, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері.
Бағдарламаның ерекшеліктері Дуалды білім беру элементтері бар білім беру бағдарламасы, академиялық алмасу бағдарламасы, қосымша білім беру бағдарламасын меңгеру мүмкіндігі (Minor)
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі
Оқу түрі Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады.
Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғышарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Қазақ
Орыс
Кредит көлемі/сағат 240/7200
Білім алушыларға қойылатын талаптар жоғары білім
жалпы орта білім беру
техникалық және кәсіптік білім беру
Бағдарлама менеджері Квасных Галина Сергеевна
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
Педагог кәсіби стандарты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша (КС)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия отырысында 2016 жылғы 23 қарашадағы № 2 хаттамамен бекітілген салалық біліктілік шеңбері (СБШ)