6B07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

Факультет Инженерлік және сандық технологиялар факультеті (ИжСТФ)
Кафедра Көлiк және машина жасау (КжМЖ)
Білім беру саласының коды және жіктелуі 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағытының коды мен жіктелуі 6B075 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы В076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
Атауы 6B07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
Аккредитация Сертификат
Білім беру бағдарламасының түрі Негізгі
Білім беру бағдарламасының мақсаты Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты қазіргі заманғы стандарттау бойынша маманды, сапа, сертификаттау бойынша маманды, кең іргелі білімі бар, бастамашылық, өнеркәсіптегі өзгермелі талаптарға бейімделген, командада жұмыс істей алатын, болашақ кәсіби қызмет саласында қажетті құзыреттілігі бар аудиторды дайындау болып табылады.
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары)
Берілетін дәреже техника және технология бакалавры
Кәсіби қызмет саласы Өңдеу өнеркәсібі (Секция C)
Лауазымдар тізбесі Сапа жөніндегі маман, аудитор
Сертификаттау жөніндегі маман
Стандарттау және метрология жөніндегі маман
Кәсіби қызмет түрлері Ұйымдастыру-технологиялық
Ұйымдастырушылық-басқарушылық
Өндірістік-технологиялық
Есептік-жобалық
Эксперименттік-зерттеу
Кәсіби қызмет объектілері өнімдер (қызметтер), процестер (жұмыстар) мен жүйелер; кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтары; өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдары; Стандарттау, сертификаттау, сапа менеджменті, метрология жүйелерінің нормативтік құжаттамасы; өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету
Бағдарламаның ерекшеліктері Дуалды білім беру, академиялық алмасу бағдарламасы, қосымша білім беру бағдарламасын меңгеру мүмкіндігі (Minor).
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі
Оқу түрі Оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 240 академиялық кредиттің және оқу жылына 60 академиялық кредиттің игеру мерзімімен анықталады. Тиісінше, оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Оқу жылында студенттің академиялық кредиттердің неғұрлым аз немесе көп мөлшерін игеруіне рұқсат етіледі, ал оқу мерзімі көбейеді немесе қысқарады.
Жоғары білімі бар немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, студенттің алғышарттарын ескере отырып (дипломға қосымша) транскрипт негізінде анықталады. Бұл жағдайда кредиттер беріледі және бұрын игерілген пәндер олардың көлемі мен білім беру бағдарламасының сабақтастығы жеткілікті болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту тілі Қазақ
Орыс
Кредит көлемі/сағат 240/7200
Білім алушыларға қойылатын талаптар жоғары білім
жоғары арнайы білім
жалпы орта білім беру
кәсіптік білім беру
техникалық және кәсіптік білім беру
Бағдарлама менеджері Савинкин Виталий Владимирович
ББ Кәсіби стандарт/салалық
біліктілік шеңбері негізінде әзірленді
«Метрология» кәсіби стандарты - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасарының 2018 жылғы 22 қазандағы № 283 бұйрығына №1 қосымша (КС)
Техникалық құжаттаманы әзірлеу кәсіби стандарты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 171 бұйрығына 4-қосымша (КС)