![]() |
| Университет - жоғары оқу орнына дейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық жүйелері кіретін бірыңғай оқу-әдістемелік кешен. |
| жоғары оқу орнына дейінгі дайындық |
|
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық жүйесіне жалпы білім беру лицейі, «Дарын» мектеп-пансионы, экологиялық сынып, оқу-дайындық бөлімі, қазақ диапорасына арналған курс бөлімі кіреді. Лицей және «Дарын» мектебі университет кафедрасы үшін эксперементалдық база болып табылады. Мұнда жаңа технология мен оқыту әдістері сыналады. Университеттің оқу-дайындық бөлімінде Монголия, Қытай, Ресейден келген қазақ диаспорасының өкілдері оқытылады. Дайындықтан өткен соң Қазақстан университетіне түсетін болады. Дайындық бөлімінің жұмысы жақын және алыс шетелдік қазақ диаспорасының жастарына ана тілінде білім алуға мүмкіндік береді. |
| жоғары оқу орны дайындығы |
|
Қазіргі уақытта университеттің тоғыз факультетінде: жаратылыстану-жағрафия, ақпаратты-технология, тарих-филология, машинажасау, сазды-педагогика, көлік-құрылыс, дене шынықтыру, экономика, құқық-10 мың студент оқытылады. 85 мамандық бойынша дайындық жүргізіледі. Университеттің оқу жұмысы 29 кафедра жүргізеді. Профессорлық – оқытушылық құрамды ғылыми дәрежесі мен атағы бар 146 адам құрайды. Оның ішінде 30 – ғылыми доктор және профессор, 116-ғылым кандидаты. Жоғары оқу орны оқу барысын жетілдіру үшін ақпараттандыру, компьютерлеу, құрылымдау жұмысын тұрақты жүргізеді. Оқытудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді, орта арнайы оқу орындарымен студенттерді ротациялау бойынша сызбалар жасалған, компьютерлік тестілеу, аралық бақылау, студенттер мен оқытушыларды аттестациялаудың рейтинг жүйесі енгізілген. Магистрлік дайындық 11 мамандық бойынша жүргізіледі: химия, биология, экономика, журналистика, филология (шет тілі, қазақ, орыс тілдері), лингвистика, менеджмент, биотехнология, ақпараттық жүйе (пайдалану саласы бойынша) стандарттау, сертификаттау және метерология, машинажасау технологиясы және жабдықтау. |
| жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық |
|
Жоғары оқу орнында 11 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді: 03.00.13 – адам және жануарлар физиологиясы, 13.00.01 – педагогика тарихы мен теориясы, ВМС химиясы, органикалық химия, орыс тілі, технологиялық үрдіс пен өндірісті автоматтандыру, археология, дін философиясы, генетика, гидрогология, экономика және басқару, жалпы педагогика, оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Химиялық және филологиялық мамандықтар бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша оқу кеңестері ашылған. СҚМУ-дың маңызды міндеттерінің бірі – аймақтық түрлі мамандықтары және профессорлық-оқытушылық құрамы үшін біліктілікті арттыру және қайта даярлау жүйесін құру болып табылады. СҚМУ-да білім беру және мәдениет, мемлекеттік қызмет, бизнес, ауыл шаруашылығы, өндірісітің түрлі салаларының практикалық қызметкерлері үшін көп салалы қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты ашылған. Кадларды қайта даярлау қажеттілігін ескере отырып, СҚМУ арнайы оқыту формаларын және оқыту бағдарламаларын жетілдіру бойынша түрлі шаралар қолданады. Аймақтық ақпаратты білім берудің қашықтықтан оқыту желісін құруына байланысты қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының мүмкіндіктері өсе түсуде, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесіне негізгі жұмыс орнынан қол үзбей оқуды қалайтын тұлғалар және алшақ аудандар кіреді. |