
Бесінші
басылым
Университет миссиясына сәйкес әрекет ете
отыра, Сапа саласындағы Саясатында қарастырылған бағыттары
бойынша университет келесі мақсаттарды қояды:
1.
Басқарудың барлық деңгейдегі
бөлімшелермен университеттің даму
Стратегиялық жоспарының мақсаттарын жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету.
2.
Институционалдық
аккредитациялауға дайындық жүргізуін және
табысты өту бойынша шаралардың
кешенін жүзеге асыру.
3.
Үрдістерді ұтымды ету,
нақтыландырылуы мен оның сипаттауларының артықтарын
жою, бөлімшелер арасында айқын шектер мен өзара байланыстар
орнату арқылы сапа менеджменті жүйесінің
нәтижелілігін арттыру.
4.
Пәндер және оқытушыларды таңдап алу
ресімдерінің әбден жетiлдiрілуi, жұмыс оқу бағдарламалары мен
бағалау материалдар сапасының барлануы, арнайы пәндер бойынша
тесттердiң бейiмделуi арқылы оқытудың кредиттік технологияларын ары
қарай дамытуды қамтамасыз ету.
5.
ТжҚФ, АТФ және ЭФ –те оқытудың дистанциялық технологиясын енгізу үшін жағдай
жасау.
6.
Электрондық бiлiм беру контенттi басқару жүйесiнiң
деректер қорын 12000
электрондық материалдардың бiрлiктерiне дейiн көбейту.
7.
Мамандандырылған
арнайы дәрісханаларды мақсатты қолдануына бақылау
жасауын және оқу үрдісіне жаңа оқу
жабдықтарының енгізілуін қамтамасыз ету.
8.
Ашық сабақтар мен мастер-кластарда қазіргі
техникалық құралдарды және олардың активті көпшілікке
таратуды пайдалану арқылы оқу үрдісіне оқытудың интерактивті әдістерін кең түрде
енгізуді жалғастыру.
9.
Көп салалы колледждің оқу үрдісіне оқытудың кредиттік технологиясын енгізу
үшін жағдайлар жасау.
10.
Қазақстанның басқа
өлкелерінде маркетингтік
қызметін өткізу, "Бiлiм,
жұмысбастылық, мансап" факультетаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру арқылы
түлектерді жұмысқа
орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жетiлдiру.
11.
Жасалған шарттар мен
жоо-аралық келісімдерге сәйкес
университет түлектеріне Қазақстан
және Ресей магистратураларында
оқу мүмкіншілігін іске асыру.
12.
ПОҚ-тың ғылыми жұмысы мен
студенттік ғылыми бірлестікті активтендіру бойынша шаралардың кешенiн жасау және
жүзеге асыру.
13.
Жоо-ның ақпаратты-техникалық қамтамасыз
етілуінің толық дамуы жалғастырылсын: Студенттерге арналған WAP-портал жасалсын; № 10
оқу корпусы мен жүзу бассейні ғимаратына NKZU Net корпоративтік
желі кеңейтілсін.
14.
Білім алушылардың бойына белсенді азаматтық ұстанымды
қалыптастыру, төзімділікті тәрбиелеу, Қазақстан
халқының ұлтаралық және конфессияаралық
келісімдерін, бiрлiгін күшейту бойынша іс-шаралар
кешенін іске асыру.
15.
Студенттердің өз ынталарын дамыту, ТжӘИ және факультеттерде
өзін-өзі басқару Күндерін өткізу, жастар
ұйымдарымен және қоғамдық бірлестіктермен
өзара әрекеттесу арқылы студенттердің өзін-өзі басқару қызметі
аясын кеңейту .
16.
«Жүзу бассейіні» оқу-спорттық кешенін
оқу үрдісіне енгізуді қамтамасыз ету: «Дене
тәрбиесі» пәні шеңберінде барлық мамандықтар
бойынша – кем дегенде 15 сағат құрайтын тәжірибелік сабақтарына;
«Сабақ беру әдістемесімен жүзу» пәндері шеңберінде
ДШФ мамандықтары үшін – кредиттің барлық көлеміне
.
17.
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу.
18.
Әкімшілік-шаруашылық бөлім бөлімшелерінің
жұмыс жоспарлауын екі
жылдыққа ауыстыруды қамтамасыз ету.