Автор үшін нұсқау

«М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы» журналына жариялау үшін қолжазбаны ресімдеуге авторлар нұсқаулығы

Материалдарға қойылатын талаптар: docx форматы, TNR 12, интервалы 1,0, шеттері 2,5-нан, көлемі 5-10 бет, ӘОЖ көрсету.

Мақала, сол жағынан  12 бт ӘОЖ индексінен бас, қалың қаріптермен басталады. Төменде сол жақ шеті бойынша 12 бт бас, қалың қаріптермен ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекттік рубрикаторы) орналасады. Бір жолдан кейін  ортасында, тасымалдаусыз, қызыл жолсыз, нүктесіз, 12 бт бас, қалың қаріптермен мақаланың атауы орналасады.

Келесі жолда – ортасында, тасымалдаусыз, қызыл жолсыз, қарапайым, 12 бт қалың қаріптермен авторлардың тегі мен аты-жөні. Келесі жолда жақша ішінде 12 бт ортасында курсивпен автордың(-лардың) лауазымы, ғылыми атағы, жұмыс орны (университет, кафедра, қала, республика) және e-mail көрсетіледі.

Мақаланың аты, автордың аты-жөні, жұмыс орны үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) көрсетіледі. Егер автордың мақаласы қазақ тілінде болса, онда алдымен атауы - қазақ тілінде, содан кейін басқа екі тілде орналастырылады. Егер мақала ағылшын тілінде болса – ұқсас жасалады.

Екі жолдан кейін ортасында Аңдатпа сөзі қалың 10 бт қаріппен, содан кейін мәтін ені бойынша 1 см тармағымен қарапайым 10 бт қаріппен жазылады. Аңдатпалар бір-бірінен бір жолдан кейін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылуы тиіс. Аңдатпа мақала мәселесін, мақсатын, өткізу әдістері мен жұмыс нәтижелерін, нәтижелердің қолданылу саласын, қорытындыларын көрсетуі тиіс. Андатпа мазмұнды және ауқымды (120-200 сөз) болуы тиіс

Аңдатпадан кейін түйінді сөздерді (6-8 сөз тіркестерін) жазу керек.

Екі жолдан кейін 12 бт қалың қаріптермен Кіріспе сөзі, содан кейін 12 бт қарапайым қаріппен ені бойынша, қызыл сызықпен - 1 см мақаланың негізгі мәтіні жазылады. Ортасында 12 бт қалың қаріптермен Зерттеу әдістері, Зерттеу нәтижелері, Қорытынды сөздері орналастырылады. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер міндетті болып табылады, оларды тік жақшаларда реттік нөмірмен қолданылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетілуі керек, мысалы: [1].

Суреттер, фотосуреттер және графикалық материалдар топтастырылған, сурет сапасы анық болуы тиіс.

Екі жолдан кейін ортасында 10 бт қалың қаріпімен, қызыл жолсыз Әдебиет сөзі жазылады. Әдебиеттер тізімі 10 бт қарапайым қаріппен, 1 см қызыл жолмен, үлгі бойынша ресімделеді.

Мақала үлгісін жүктеу