"FOUNDATION" факультеті

«Foundation» факультеті жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында, 2016 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ дайындық бөлімінің базасында құрылған.

«Foundation» факультеті:

  1. Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы талапкерлердің білім деңгейін арттыру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсетеді;
  2. Шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері арасынан талапкерлерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қазақ және орыс тілдерінде одан әрі оқуға дайындауды жүзеге асырады.

№5 оқу корпусы

Мекен-жайы: Петропавл қ., Интернационал к-сі, 26

Деканаттың телефоны: +7 (7152) 490093

 


 

Авдолхан Алмагүл Авдолханқызы

Факультет ДЕКАНЫ

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі


Тел.: +7 (7152) 493202, ішкі 2073
Аудитория: 221, 5 корпус
E-mail: a_pvl88@bk.ru


 

Искакова Асемгуль Оразовна

Деканның орынбасары

Тел.: +7 (7152) 490093, ішкі 1217
Аудитория: 206, 5 корпус
E-mail:

Омарова Назира Съезовна

 Методист

Тел.: +7 (7152) 490093, внутренний 1220
Аудитория: 206, 5 корпус
E-mail:skgu.foundation@bk.ru

 

Оқытушылық: 206 ауд., 5 корпус


Оқу үдерісімен қатар «Foundation» факультетінің тыңдаушылары университеттің спорттық жарыстар, КВН, Наурыз мейрамы, конференциялар, тақырыптық семинарлар және т. б. сияқты түрлі іс-шараларына белсенді қатысады.

Жылы психологиялық климат, біздің университеттің дамыған инфрақұрылымы, оның ыңғайлы орналасуы – осының барлығы «Foundation» факультетінің дайындық курстарында оқуды таңдауға мүмкіндік береді.

 «Foundation» факультетіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

  • Ректордың атына өтініш
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі
  • Орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі
  • 6 фотосурет 3х4
  • 086У нысанындағы медициналық анықтама

Дайындық курстары

Дайындық курстары шет елдерде тұратын қазақ ұлтының өкілдері, оралмандар мен шет ел азаматтарына арналған.

Бұл курстардың мақсаты – шет ел азаматтарын Қазақстандағы өмірге бейімдеу, ҚР жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау, қазақ және орыс тілдерін тереңдетіп оқыту.

Жалпы дайындық деңгейін көтеру бойынша оқу үшін оқыту тілінде математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығынан тестілеу жүргізіледі.

Факультеттегі оқу үдерісі күндізгі оқу формасында қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Сабақтар 1 қазаннан басталады, оқыту мерзімі 9 айды құрайды.

Дайындық курстарының тыңдаушылары жатақханамен қамтамасыз етіледі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушылар шәкіртақы алады. Оқыту аяқталған соң тестілеу нәтижесіне қарай мемлекеттік білім беру гранты бойынша ҚР жоғарғы оқу орындарында білім алу құқығына ие болады.

Оқу жылы барысында тыңдаушылар келесі пәндерді оқиды:

  • қазақ тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • математика;
  • бейіндік пәндер.

Бейіндік пәндерді таңдау кестесі

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

Биология 

Химия  

Биология 

Жаратылыстану   

Жаратылыстану

Математика  

Жаратылыстану

Шет тілі    

Химия 

Биология 

Химия 

Физика 

Тарих

Адам.Қоғам.Құқық

Тарих

Жаратылыстану

Оқыту тілі және әдебиет

Тарих

Шет тілі   

Тарих

Математика 

Жаратылыстану

Математика 

Физика

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

Қосымша пәндер:

  • қазақ тілі;
  • орыс тілі;
  • шет тілі.

Дайындық курстарына қабылдау шарттары

Дайындық курстарына қабылданады:

  • мектеп түлектері;
  • колледж түлектері.

Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтары үшін дайындық курстарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл білім беру грантына ие болу үшін екі пәннен - математикалық және оқыту тілінен: қазақ немесе орыс тілінен кешендік емтихан тапсыру қажет. Қазақ немесе орыс тілін білмейтін шетел азаматтары үшін емтихан ағылшын тілінде қабылдануы мүмкін.

Ақылы негізде оқуды қалайтын азаматтар емтихансыз қабылданады.

ЖОО-ның дайындық факультетіне түсу үшін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

  • Берілген нысандағы өтініш
  • Білім туралы құжаты мен оның қосымшасының мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалдық расталған аудармасы
  • Білім туралы құжат иесінің жеке басының куәлігі мен паспортының нотариалдық расталған аудармасы

Тапсырылған құжаттар .pdf форматында сканерден өткізіліп, https://enic-kazakhstan.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov сайтында онлайн өтінім жіберіледі.


Қазақстан Республикасының азаматтарын дайындау үшін тілдік курстар 

«Foundation» факультетіне оқуға орта, орта арнайы, техникалық және кәсіби білімі бар барлық тұлғалар қабылданады. 

Дайындық факультетінде күшейтілген тілдік дайындықпен оқу үшін «Шет тілі» және жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінің бірінен тест тапсырады.

«Foundation»  факультетінде оқу - бұл:

  • тереңдетілген көптілді дайындық, ол: 

- шет тілде оқу топтарына қабылдауды;

- академиялық ұтқырлықты;

- халықаралық бағдарламаларға қатысуды;

- қарым-қатынас бостандығын қамтамасыз етеді.

  • кешенді тестілеудің пәндерінен күшейтілген дайындық (қазақ тілі/орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және бейіндік пәндер).

Кешенді тестілеуге қатысқаннан кейін «Foundation» факультетінің тыңдаушылары білім беру гранттарының конкурсы нәтижесі бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне таңдаған мамандығы бойынша 1 курсқа қабылданады.  

Факультетте оқыту күндізгі формада қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

«Foundation» факультетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушыларға республикалық бюджет есебінен шәкіртақы төленеді. Басқа қалалардан келген тыңдаушыларға университет жатақханадан орынмен қамтамасыз етеді. «Foundation» факультетінің тыңдаушыларына күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне қарастырылған жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік беретін «Тыңдаушы билеті» беріледі. 

Дайындық курстарына жазылу немесе қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады:

Петропавл қ-сы, Интернационал к-сі, 26

№5 оқу корпусы

Кабинет № 206 , тел. 49-00-93, моб. 87471045442 (ватсап)


Кешкі дайындық  курстары

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Foundation»  факультетінде ҰБТ пен КТ тапсыру үшін қажетті барлық пәндер бойынша  дайындық жүргізілетін кешкі дайындық курстары өткізіледі. 

Кешкі дайындық курстарында оқу ақылы, оқу бағасы оқу мерзімі мен таңдаған пәндер санына байланысты. 1, 2, 3 немесе барлық бес пәнге жазылуға болады. Төлемді ай сайын жүргізуге болады.  

Сабақтар дәрістік-практикалық үлгіде мемлекеттік және орыс тілдерінде абитуриенттерді дайындау тәжірибесі мол оқытушылармен жүргізіледі. Тыңдаушылардың білімін бақылау үшін үнемі байқау сынақтары өткізіліп отырады.

Қазан айынан бастап, әр айдың 25-іне дейін кешкі дайындық курстарына қабылдау жүргізіліп, пәндер мен оқу мерзіміне қарай топтар жинақталады.

Кешкі дайындық курстарына жазылу немесе қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады:

Петропавл қ-сы, Интернационал к-сі, 26

№5 оқу корпусы

Кабинет № 206 , тел. 49-00-93, моб. 87471045442 (ватсап)