"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әрқашан өзіңіздің табысқа жету туралы шешіміңіз басқалардан әлдеқайда маңызды деген ойға жүгіну

Авраам Линкольн
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

ТЭҚФ: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Президентінің стратегиясын жүзеге асырады

Кеше, 2025 жылғы 31 қазанда Астанада "Қазақстан — академиялық білім беру аумағы" халықаралық стратегиялық әріптестер форумы өтті, онда Қазақстан Респу әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде  шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» қызметі білім алушы шет елде оқу мақсатында конкурсқа өтініш берген кезде көрсетілетіледі.

Стандарт Регламент


Қызметті көрсету мерзімі: 1 (бір) жұмыс күні. 


Құжаттар тізімі:

1)   шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
2)   шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырған сауалнамасы;
3)   жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);
4)   білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);
5)   бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK және т.б.);
6)   «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама;
7)   бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
8)   бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;
9)   транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Бұл ретте көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;
10)   таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
11)   бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).

Форма заявления