7M07105 Көлік, көліктік техника және технологиялар

Инженерлік және сандық технологиялар факультеті → Көлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәрежесі: профильді магистратура үшін техника және технологиялар магистрі, техникалық ғылымдарының магистрі – ғылыми және педагогикалық дайындылығы үшін.

Кәсіби қызмет саласы:

  • профильді дайындылық кезінде – жоба-конструкторлық ұйымдар, көліктік техниканың пайдалануын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар, маркетингтік және көліктік-экспедициялық;
  • ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде  - жоғары және жоодан кейінгі білім мекемелері, ғылыми-зерттеу және жоба-конструкторлық ұйымдары, көліктік кешен кәсіпорындары.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • Профильді дайындылық кезінде – басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанының кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері, соған қоса индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылығы, жол-құрылыс және көтеру-көліктік кешендер, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндіру және тұтыну салалары;
  • Ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде  - мемлекеттік басқару органдары, жоо-лар және ғылыми-зерттеу мекемелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанының мекемелері, соған қоса индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылығы, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндіру және тұтыну салалары.

Кәсіби қызмет түрлері:

профильді дайындылық кезінде:

  • пайдалану;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастыру-басқару.

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалық;
  • өндіру-технологиялық;
  • ұйымдастыру-басқару.

Кәсіби қызметтің мазмұны:

профильді дайындылық кезінде өндірісті басқарудың заманауи әдістерін пайдалану негізінде кәсіпорындар мен ұйымдардың бәсекелестігін арттыруына бағытталған автокөліктік кәсіпорындардың өндірістік-технологиялық, жоба-конструкторлық, пайдалану, ұйымдастыру-экономикалық  және басқару қызметінің құралдар, амалдар және әдістер жиынтығын қосады.

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде  автокөліктік саладағы мәселелерін оқу және оқыту деңгейін арттыру саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару қызметінің құралдар, амалдар және әдістер жиынтығын қосады.