7M08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Агротехникалық факультет → "Азық-түлік қауіпсіздігі" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 7M08201 "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы магистрі

Кәсіби қызмет саласы: мал шаруашылығында тиімді технологияларды енгізу, селекция және генетика, асыл тұқымды жануарларды бағалау және іріктеу, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жасау, жануарлардың жаңа тұқымдарын және тұқым ішінде типтерін шығару.

Кәсіби қызмет объектілері: ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттар, ЖОО, мал шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттары, ғылыми зертханалар, кәсіптік-техникалық оқу орындар, ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелері

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • селекциялық;
  • білім беру (педагогикалық);
  • қаржы-шаруашылық қызметі;
  • консультациялық қызмет.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • өндірістік-технологиялық - өндірістік кәсіпорындарда, түрлі мал шаруашылығы салаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, ауылшаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру, мал шаруашылығында жаңа технологиялық үдерістерді енгізу және әзірлеу;
  • эксперименталды-зерттеу - мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы әр түрлі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі;    
  • селекциялық - бастапқы материалды және мал селекциясының ерекшеліктерін зерттеу, қоршаған орта факторларының ауыл шаруашылығы жануарларына олардың ең жоғары өнімділігіне қол жеткізу мақсатында әсерін зерттеу, селекциялық процестің тиімділігін арттыру;
  • білім беру (педагогикалық) - зоотехникалық және ауылшаруашылық пәндерді мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары мен басқа оқу орындарында оқыту, тәрбие қызметін жүзеге асыру;  
  • қаржылық-шаруашылық қызмет - мал шаруашылығында қаржылық және еңбек ресурстарын есептеуді жүргізу;
  • консультациялық қызмет - мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы мамандармен және жұмысшылармен консультация жүргізу.